
12 шақырымға созылған Эстафета Алауы «Қарағанды-Арена» Мұз сарайында қорытындыланды. ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі, жеңіл атлетикадан ҚР спорт шебері Александр Киселоев Эстафета Алауын Қарағанды экономикалық университетінің студенті, Орталық Азия және Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Варвара Лисичинкоға табыстады. Варвара Лисичинко Алауды спорт шебері, Рио-де-Жанейро олимпиадасының қатысушысы Абылайхан Жүсіповке табыстады. 28-ші Бүкіләлемдік Универсиада алауын аймақ басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков қабылдап алып, Мұз сарайының төріне орнатылған Универсиада Эстафетасы Алауының бас шарасын жақты. Осылайша қарағандылық кеншілер өндірген көмір мен теміртаулық металлургтердің жалыны біріктірілді. Салтанатты шара Омск қаласынан келген Мұзды балет мерекелік шоуымен аяқталды.
Бұл шараның Қазақстанда өтуі – елімізге көрсетілген құрмет пен сенімнің жарқын айғағы деп білемін. Сонымен қатар, бұл – Қазақстанның әлемдік спорт қозғалысындағы халықаралық беделінің көрсеткіші болып табылады.
Бүгінгі күні Алау Эстафетасының өңірлік кезеңін өткізу арқасында біз осы шараның белсенді қатысушылары екендігіміз сезілді.
Себебі Универсиаданың Бас Алауында – барлық қарағандылықтардың жүрегінен шыққан, шын ниетіммен жағылған Алаудың бір бөлшегі болмақ,-деді Нұрмұхамбет Әбдібеков.
Эстафета Алауының техникалық делегаттары мен Абылайхан Жүсіпов алауды «Эйр Астана» әуе компаниясының ұшағымен Алматы қаласына алып кетті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі