
Теміртауда Күләш Байсейітова көшесінде 2018 жылы апатты деп танылған №15 орта мектеп-гимназиясы жөнделеді. Екі қабатты типтік ғимарат 1953 жылы салынған. Онда теміртаулықтардың бірнеше ұрпағы білім алған.

Гимназия ондаған жылдар бойы өз түлектерімен танымал болды.
– Мектеп шамамен 500 оқушыға шақталған. Ата-аналар әрқашан балаларын сол жерге беруге тырысты, себебі ол әрдайым білім беру сапасының көрсеткіштері бойынша алдыңғы қатарда болды, – дейді Теміртау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Гүлнұр Әбдіғалиева. – Жылдар өте ғимарат апатты жағдайға жетті. 2018 жылы техникалық тексеру оның күрделі жөндеуді қажет ететінін көрсетті. Онда қабаттардың арасындағы төсемелерде ақпулар бары анықталды. Оқу орнын қалпына келтіру қаланың шығыс бөлігіндегі мектептеріне жүктемені азайтуға көмектеседі.
Мектепте күрделі жөндеу көктемде басталады. Қазір ескі ғимаратты қалпына келтіретін мердігер анықталды. Күрделі жөндеуден кейін мектепке ұлы ақын және ағартушы Абай Құнанбаевтың есімі беріледі.
Сондай-ақ, биыл жөндеу жұмыстары Теміртау қаласындағы бірінші классикалық лицейде және Ақтау кентіндегі №32 жалпы білім беретін мектепте басталады. Теміртауда барлығы 29 мектеп бар, олардың екеуі жекеменшік.