«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚҚарағанды облысы бойынша аймақтық филиалының 2016 жыл қорытындылары

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚҚарағанды облысы бойынша аймақтық филиалының 2016 жыл қорытындылары

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚҚарағанды облысы бойынша аймақтық филиалы 2016 жылдық жұмыс қорытындыларын шығарды.

«Бизнестің жол картасы 2020»бірыңғайбағдарламасын іске асырудан бастап Қарағанды облысында жалпы сомасы 83,8 млрд.теңгегесубсидиялау құралдары бойынша595 жобаға қол қойылды. 2016 жылы облыстыңӨңірлік үйлестіру кеңесімен19,4 млрд.теңге несие сомасына 133 жоба мақұлданды.

«Бизнестің жол картасы 2020»бірыңғайбағдарламасын іске асырудан бастап Қордың филиалымен кепілдік сомасы 2,6 млрд.теңгені құрайтын 127 жобаға қол қойылды, бұл 5,8 млрд.теңге сомасына несие беруге мүкіндік берді.

Есепті кезеңде кепілдік беру құралдары бойынша Қордың филиалымен кепілдік сомасы 885 млн.теңгені құрайтын 57 жоба қаралды және мақұлданды, бұл ретте несие сомасы 2 млрд.теңгені құрады. Бұл құралды «Kassa Nova Банкі» АҚ,«Қазақстан Халық банкі» АҚ және «БанкЦентрКредит» АҚ филиалдарыбелсенді пайдаланған.

Қарағанды облысы бойынша Ұлттық Қордың қаражаты есебінен барлығы 22 млрд.теңге сомасына 132 жоба қаржыландырылды, оның ішінде 2016 жылы12,14 млрд.теңгеге кәсіпкерлердің 37 жобасықаржыландырылды.

2016 жылдың 11 ай қорытындылары бойынша, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының қатысушылары 10 856 млн.теңгеніқұрайтын салық төледі.

Қордың аймақтық филиалымен кәсіпкерлердің қаржылық емес қолдау көрсетуде құзыреттілік деңгейін арттыру үшінбелсенді жұмыс жүргізілуде, осы мақсатпен "Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту" бағдарламасы бойынша "Назарбаев Университетінде" облыстың 38 кәсіпкері оқудан өтті.

Жыл бойы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО)6 129 бизнес-жоспарларын әзірлеу, құқықтану, бухгалтерлік және салықтық есеп, жеке тұлғалардың кәсіпкерлік мәселелері бойынша бизнесті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлерге кеңестік қызметтері көрсетілді.

КҚКОбазасы аясындабизнесті жүргізу бойынша жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге 30-дан астам тренингтер, семинарлар,кездесулер, мастер-кластар ұйымдастырылды және өткізілді.

Кепілдік беру құралдары бойынша 2016 жылы Қордың мақұлдауымен 57 жоба ішінде, 15 жобаКҚКО-ның кеңесшілерінің көмегіменқолдау тапты.КҚКО-ның маманымен 100-ге тарта бизнес-жоба әзірленді.

Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарымен ұйымдастырылғансеминарларында белсенді қатысу өткізілді. Кәсіпкерлікті қолдау мобильді орталығыҚарағанды облысының 26 елді мекендерінде сәуірден қазан айына дейін жұмыс сапарымен барып, 2016 жылдың ішінде кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа және кәсіпкерлерге 917 консультациялық қызметтер көрсетілді.

Қор филиалының қызметтері және мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлердің жетістіктері туралы 45-тен астам мақалаларҚордың сайтында және басқа да БАҚ-та орналастырылған, Ekaraganda.kz веб-порталында 140-қа тартамақалалар жарияланды.

"Жаңа бизнесті ашуға қолдау көрсету" жобасын іске асыру шеңберінде 137 қатысушы оқудан өтті, соның ішінде 17-і өз бизнесін ашты.

2016 жылдың ақпан айында"Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау" жобасын іске асыру аясында, филиал және Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті өзара әрекеттесу меморандумын жасады. Есепті кезеңде осы жоба бойынша облыстың жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан 105 студент оқудан өтті.

Қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша 4 тоқсанда 32 кәсіпкер оқу өтті.

Сонымен қатар, 2016 жылы консультациялық және практикалық қолдау мақсатында, бизнесті дамыту кезінде жобаны іске асыруда және банк алдында міндеттерін орындау кезінде туындайтын қиындықтарға ие болатын мемлекеттік бағдарламаларға кәсіпкерлер-қатысушылары үшін"Дағдарыс жағдайында кәсіпорындар қызметін оңтайландыру"тақырыбына 2 семинар ұйымдастырылды.

6-8 мамыр аралығында Астана қаласының "Көрме"орталығында "Қазақстанда Жасалған" атты көрме іс-шарасы өткізілді.Қарағанды облысынан мемлекеттік қолдау алған 35-тен астам компаниялар қатысты, оның ішінде3 компания«Евразиан Фудс» АҚ, «Нәтиже Сүт Фабрикасы» ЖШС және «Сантехпром» ЖШС - Ұлттық чемпиондар болып табылады.

Көрме барысында 2,3 млн.теңге өнім сатылып, жеке кәсіпкерлермен келісім-шарттар мен меморандумдар жасалды.