252 км маңызы бар автожол қалпына келтіріледі

252 км маңызы бар автожол қалпына келтіріледі

Бүгін облыс әкімдігінің аппарат кеңесінде облыстағы автокөлік жолдарының күйі мен жөндеу жұмыстарының жоспары туралы айтылды.
Автокөлік жолдары және жолаушы тасмалы басқармасының басшысы Абайділдә Санаубаров баяндама оқыды.
Ол Қарағанды облысындағы транспорттық инфрақұрылымды дамыту аясында 2017 жылға 27 млрд. теңге бөлу жоспарланған. 470 км автокөлік жолы жөндеуден өтеді.
Келісілген жұмыс бағдарламасына сай, келесі жолдар қамтылады:
– 252 км. республикалық маңызы бар автожол, оның ішінде – 15 км. қайта қалпына келтіріледі, күрделі жөндеуден – 9 км. Жол өтеді, орташа жөндеу – 237 км., бұлардың бәріне 16 млрд. теңге жұмсалады;
- облыстық маңызы бар автокөлік жолдарының ішінде 3 көпір жөнделеді, сонымен қатар 28 км жол күрделі және орта деңгейлі жөндеуден өткізеліді, оның ішінде 6 км жолға күрделі, 22 км жолға орта жөндеу жасалады. Бұларға 1,6 млрд.теңге бөлу жоспарланған.
- мақсатты трансферт бойынша айдандар мен қалаларда 83 км жол жөндеуден өткізіледі деп жоспарлануда. Оның ішінде Абай, Бұқар жырау, Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Саран, Сатпаев, Қаражал қаласы бойынша 4,1 млрд.теңгеге, Қарағанды қаласы бойынша 3,8 млрд.теңгеге 43 км жол жөнделеді.
- Ауыл ішілік жолдарға қала мен аудандардың жергілікті бюджетінен 1,7 млрд.теңге қаражат бөлініп, 64 км жол жөнделеді.
Бұдан бөлек баяндамашы 2017 жылы автокөлік жолдарын жөндеу тек облыс орталығында ғана емес және Теміртау қаласында (1 056 млн.теңге), Жезқазған қаласында (945 млн.теңге), Балқаш қаласында (846 млн.теңге) да жалғасады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Жезқазған-Сатпаев» облыстық маңызы бар жолдың бір бөлігі (7 км), «Жезқазған қалалық әуежайына барар жол» жөнделеді. Сыртқы жарық шамдары 94,5 млн.теңгенің 200 бағаны және Балқаш қаласынан шыға берістегі бұрынғы МАИ бекетінен бастап 6 км жол жөнделеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі