
13 жобаны жүзеге асыруға барлығы 10 млрд теңге (Ұлттық қор – 9,8 млрд. теңге, облыстық бюджет - 0,2 млрд. теңге) бөлінді.
Соның ішінде:
8,5 млрд. теңге 10 жобаны іске асыруға (3 жоба - жылу және кәріз желісін қайта жөндеу,
4 білім нысандарын салу, 3 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (ИКИ) жобасы)
1,5 млрд. теңге кредиттік баспана салу бойынша 3 жобаға жұмсалады
Жалпы, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға 2,3 млрд. теңге жұмсалады.
Соның ішінде, қарағандыда Панель-орталық шағын ауданында 1200 жалпы білім беретін мектептің құрылысына – 757,4 млн. теңге.
- Ақтоғай ауданының Сарышаған ауылында 464 орындық мектептің құрылысына – 632,5 млн. теңге.
- Теміртауда 600 орындық мектептің құрылысына – 460,8 млн. теңге.
- Бұзылған конструкцияларды қалпына келтіру және ақаулы конструкцияларды күшейту арқылы мектеп-интернаттың құрылысын аяқтауға – 492,1 млн. теңге.
Тұрғын үй құрылысын нығайтуға 2 млрд. теңге қажет.
Атап айтқанда, Жезқазғаның Батыс ауданында ЖТҚ-ға ИКИ салу – 79,7 млн. теңге.
- Қарқаралының шығыс бөлігінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы – 324,8 млн. теңге.
- Жаңаарқа ауданы Атасу кентінің А. Байбосынов көшесіндегі тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыытуу және абаттандыру – 70,9 млн. теңге.
- Қарағандыда «Панель орталық» шағын ауданында №1, 2, 3 кредиттік баспаналарды салу – 1526,6 млн. теңге.
Жылумен және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға 5,7 млрд. теңге бөлінді.
Соның ішінде, Қарағандыда Оңтүстік-Шығыс жылу желісін ТК-27 ОШ-дан ТК-32 ОШ-ға дейін қайта жөндеуге – 1060,1 млн. теңге.
- Қарағандыда өздігінен ағатын кәріз коллекторын, кәріз сорғы станциясы (КСС) 7, КСС-7 арынды коллекторынАэрация станциясына дейін қайта жөндеу – 4138,4 млн. теңге.
- Абайда «Бамовская» (№7 павильон) сорғы станциясынан ТК-14 дейін магистральдік жылу желілерін қайта жөндеу – 461,7 млн. теңге.
Нысандарды 2017 жылдың наурыз-сәуір айларында қаржыландыру қарастырылған.
«Нұрлы жол» бағдарламасының қаржысын уақытылы игеру тұрақты бақылауға алынды.
Кез келген материалды karaganda-region.gov.kz сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі