
Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Желілік полиция бөлімі заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсыруға шақырады.
«Еліміздегі жаппай тәртіпсіздіктер барысында қару жарақ дүкендерінен, құқық қорғау және арнайы органдардың қару жарақтарын оқ-дәрілерін қылмыскерлердің ұрлауына байланысты азаматтардан заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және арнайы құралдарды өз еркімен тапсыруға шақырамыз. Жоғарыда аталғандар бойынша қандайда бір дерек болған жағдайда Қарағанды-Сұрыптау станциясы ЖПБ-нің 93-30-47 және 43-10-27 телефон нөмерлеріне хабарласуларынызға болады», – деп Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Желілік полиция бөлімі қарағандылықтарға үндеу жолдады.
Заңсыз айналымдағы қарулар мен оқ-дәрілер және жарылғыш заттар мен арнайы құрылғыларды өз еркімен тапсырған азаматтар егер олардың әрекеттерінде басқа қылмыстың құрамы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.