«Террикон алқабы» қарағандылықтарды стартап-инкубаторға қатысуға шақырады

«Террикон алқабы» қарағандылықтарды стартап-инкубаторға қатысуға шақырады

«Террикон алқабында» стартаптар үшін жаңа инкубатор іске қосылады. Онлайн-жобаға қатысу үшін IT-мен байланысты бизнес-идея және кемінде екі адамнан тұратын команда қажет. Қатысушылар жеке ментормен жұмыс істейді, түпнұсқаны жасау және сатуды бастау үшін қажетті белгілі-бір білім мен дағдыларға ие болады.

Ментор жобаның жұмыс моделін құруға көмектеседі, ал білім алушылар жаңадан бастаған кәсіпкерлер арасында жұмыс істей алады, инвестициялар тарту үшін презентациялар жасауды үйренеді.

Өтінімдер 23 қаңтарға дейін қабылданады, келесі сілтеме бойынша тіркеуден өту қажет https://terricon.kz/incubator.

Бағдарлама 24 қаңтардан 18 наурызға дейін жалғасады. Қатысу тегін.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.