Қарағандыда жаңа автобус бағдары ашылды

Қарағандыда жаңа автобус бағдары ашылды

№50 автобус Майқұдық пен Михайловканың арасында қатынайды. Тұрақты бағдар 2 наурыздан бастап іске қосылды.

Маршрут Шахтерский шағын ауданынан шығып, Голубые пруды, көкөніс базасы аялдамаларына, прокуратураның жанына, Строймарт дүкенінің жанына тоқтайды. Одан әрі Гоголь көшесімен, Мира желекжолымен, Жауынгер-интернационалистер көшесімен жүреді. Ержанов көшесіндегі ХҚКО және Онкологиялық орталықтың жанына тоқтайды. Соңғы аялдама – Прогресс көшесі.