Казахмыс подвел итоги за 2016 год

Казахмыс подвел итоги за 2016 год

2016 жылдың есебі бойынша «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС катодтық эквивалентті есеппен 225,657 мың тонна мыс өндірді. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 5,4 мың тоннаға (+2,5%). артық.
Жылдық есеп бойынша алынған кеннің құрамындағы мыстың көлемі 0,95% болды, бұл өткен жылғы 2015 жылмен салыстырғанда кендегі мыс көлемі (0,91%) артық, әрі жоспарланған көлемнен де 1,1 % артық болды.
2016 жылы Қазақмыстың байыту фабрикалары 29,8 миллион тонна кен өңдеді.
2017 жылы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС 232,6 мың тонна катодтық эквивалентті мыс өндіруді жоспарлап отыр.