
Пациенттер айналасындағыларға қауіп төндірмеуі және ауру белгілері бар емханаға баруы, сондай-ақ үйде қажетті медициналық көмек алуы үшін әрбір МСАК ұйымының жанынан COVID-19 бар науқастарды амбулаториялық бақылау бойынша мобильді бригадалар құрылды. Олар өз аумағындағы қоңырауларға қызмет көрсетеді, жұмыс уақыты – 08:00-ден 20:00-ге дейін. Егер пациент тіркелген жері бойынша емхана аумағында тұрмайтын болса, оған 103-ке көмек сұрап жүгіну қажет. 20:00-ден кейінгі қоңырауларға жедел жәрдем де қызмет көрсетеді.

Мобильді бригаданың функцияларына мыналар кіреді:
- ЖРВИ белгілері бар немесе алғашқы жүгінген кезде коронавирустық инфекцияға күдікті пациентке үйге бару;
- амбулаторлық бақылаудағы немесе үйде оқшаулаудағы пациенттерге шығу;
- СOVID-19-ға күдік болған кезде ПТР-тестілеуді өткізу;
- дәрілерді тағайындау және қажет болған жағдайда оларды ауруханадан тыс пневмония және созылмалы аурулары бар пациенттерге жеткізу;
- пациенттерге олардың жай-күйіне дербес мониторинг жүргізу үшін көмек көрсету;
- амбулаториялық пациенттің медициналық картасын ресімдеу.
ҚР Медсақтандыру қоры баспасөз қызметінің ақпараты бойынша