Қарағандыдағы шағын ауданға Байкен Әшімовтың атын беру мәселесі елордада шешіледі

Қарағандыдағы шағын ауданға Байкен Әшімовтың атын беру мәселесі елордада шешіледі

Қазіргі кезде «Панель-центр» деп аталатын жаңа шағын ауданға кеңес заманындағы қайраткер, Ұлы Отан соғысының ардагері Байкен Әшімовтың атын беру ұсынылды. Жергілікті деңгейде заңмен қарастырылған кезеңнің барлығы өткізілді. Соңғы шешім Астана қаласында республикалық ономастикалық комиссияда қабылданады.
«Өткізілген көпшілік тыңдаулардың қорытындысы бойынша Қарағанды қаласының Панель-центр ауданының құрылысы жобасының атауы бойынша ұсыныс ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастикалық комиссияның қарауына енгізілсін», - Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті сессиясында депутаттар осындай шешім қабылдады.
Аталған мәселе бойынша көпшілік тыңдау қаңтар айының соңында өтті. Тыңдауда шағын ауданға Байкен Әшімовтың есімін беру туралы бір ғана ұсыныс болды. Тыңдауға 73 адам қатысты. Соның ішінде 72-і бұл ұсынысты қолдаса, біреуі қарсы дауыс берді.
Байкен Әшімов (1917-2010) Ақмола облысының Көкшетау уезі Шабақбай ауылында туған. Кеңестік партия мүшесі, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы, Қазақ КСР Жоғары Президиуымының төрағасы, КСРО Жоғары Кеңесі Президиуымы төрағасының орынбасары болған.
1960-шы жылдары Қарағанды облыстық атқарушы комитетіне жетекшілік еткен. КОКП облыстық комитетінің хатшысы болған.
Ұлы Отан соғысына қатысқан. Солтүстік-батыс майданда 370-ші атқыштар дивизиясының1232-ші атқыштар полкінің саясат жағынан рота командирінің орынбасары, 1-ші Беларусь майданында 76-шы атқыштар Краснознаменск дивизиясының саясат бөлімінің нұсқаушысы болып қызмет атқарған. Екі рет жараланған. Соғыстан капитан болып оралды.
Наградалары: Қызыл жұлдыз ордені, 1-ші дәрежелі Отандық соғыс ордені, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі, екі Еңбек Қызыл Ту ордені, төрт Ленин ордені, «Парасат» ордені, «Отан» ордені. Польшаны азат еткені үшін осы елдің «Virtuti Militari» орденімен марапатталған. Социалистік еңбек ері.
Алматыда Наурызбай ауданында Қалқаман-2 шағын ауданыда Байкен Әшімовтың аты берілген көше бар.


Кез келген материалды karaganda-region.gov.kz сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі