Қарағанды колледжінің студенттері AYALA қорының «Кәсіби бағдар» жобасын қолдады

Қарағанды колледжінің студенттері AYALA қорының «Кәсіби бағдар» жобасын қолдады

Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің студенттері AYALA қорының «Кәсіби бағдар» жобасымен шабыттана отырып, Қарағанды қаласының №6 арнайы мектеп-интернатында аспаздық сабақтар өткізу үшін қаражат жинап, асүй жабдықтарын сатып алды.

«2020 жылдың желтоқсан айында Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің студенттері облыстағы аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету жобасында алғаш рет еріктілер болды. Содан кейін олармен бірге бізде 2021 жылдың наурыз айында азық-түлік жиынтығы таратылды. Ал осы жылдың желтоқсан айында колледж басшылығы бізге екі бөлім студенттерінің тамаша бастамасымен келді. Олар біздің «Кәсіби бағдар» жобамыздан шабыт алып, Қарағанды қаласының №6 арнайы мектеп-интернатында аспаздық сабақтар өткізу үшін қаражат жинап, асүй құрал-саймандарын сатып алуды шешті», – деп хабарлады AYALA Қорының қызметкерлері өздерінің Facebook-тегі парақшасында.

Студенттер жинаған 100 мың теңгеге шағын тұрмыстық техника: миксер, тостер, мультиварка, қол блендері және электровафельница сатып алынды. Мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері педагогтармен бірге жабдықты бірден сынап көрді және оларға риза болды.

AYALA Қорының мақсаты – қайырымдылық мәдениетін тәрбиелеу. Өздерінің әрбір жобасымен олар барынша көп қазақстандықтарды тиімді қайырымдылыққа тартуға тырысады.