Студенты в Карагандинской области будут участвовать в чемпионате рабочих специальностей

Студенты в Карагандинской области будут участвовать в чемпионате рабочих специальностей

 1 наурызда кәсіби шеберлік бойынша өңірлік конкурс басталды. Шара бір ай бойы өтеді. Оған Қарағанды облысының колледждерінен 117 студент қатысады.
Чемпионатты ұйымдастырушы – Қарағанды облысының Білім басқармасы және білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы.
Конкурс Worldskills Kazakhstan ұйымының талабына сай өткізіледі. Басты мақсаты – жұмысшы мамандықтарды насихаттау, олардың мәртебесін көтеру, әлем бойынша кәсіби даярлау және біліктілік бойынша стандарттарын жетілдіру.
Чемпионатқа қатысушылар білім алып жатқан мамандықтары бойынша: аспаз ісі, құрылыс және сылақ жұмыстары, графикалық және веб-дизайн, сырлау жұмыстары, шаштараз өнері және т.б. машықтарын көрсетеді.
World Skills International (WSI) — халықаралық коммерциялық емес қауымдастық, оның мақсаты кәсіби даярлау мен біліктілік стандарттарын және мәртебесін арттыру, әлем бойынша халықаралық жарыстар өткізу арқылы жұмысшы мамандықтарды насихаттау. Қауымдастық 1953 жылы құрылды. Қазіргі кезде ұйым қызметіне 76 мемлекет қатысады. Қазақстан ұйымға 2014 жылы қосылды.
WSI миссиясы жұмысшы мамандықтарға көңіл аудару және жоғары кәсіптік стандарттарды дамытуға жағдай жасау болып табылады. Оның басты қызметі – 22 жасқа дейінгі жастар арасында түрлі деңгейдегі кәсіби жарыстар өткізу. World Skills жұмысшы мамандықтар арасындағы әлем чемпионаты екі жылда бір рет өткізілетін ірі шара. Оны «Жұмысшы қолдарға арналған олимпиада» деп те атайды.