«Шахтер» командасының жартысы қарағандылық ойыншылар

«Шахтер» командасының жартысы қарағандылық ойыншылар

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков жаңа футбол маусымы қарсаңында дәстүр бойынша «Шахтер» командасының ойыншыларымен кездесті. Аймақ басшысы командаға алдағы ойындарда сәттілік тіледі.
«Мен жанкүйермін, Стадионға келіп, ойынды көріп, қуанғым келеді, - деді әкім. – Бірақ ішкі жағдайларды түсінуге көп уақыт керек».
Нұрмұхамбет Әбдібеков жаңа маусымда «Шахтер» командасының жартысы жергілікті спортшылар екендігін атап өтті. «Команда құрамындағы 27 адамның 13-і – қарағандылық балалар. Футбол командасын жасақтау кезінде өз мектебіне сүйене алатын аймақтар аз. Бірақ жас буынды тәрбиелеуде кемшіліктер бар. Ең бастысы, жетістіктеріміз де жоқ емес, алдағы уақытта жеңістеріміз көп болады деген үміттемін», - деді ол.
Облыс әкімінің айтуынша, биыл клубтың қаржылық жағдайы жақсарды. Облыстық бюджеттен «Шахтер» командасына 2 млрд. теңге бөлінді.
«Футбол манежін салу міндеті әлі де бар. Бұл маусымаралық кезеңде дайындық кезінде жайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін қажет», - деді Нұрмұхамбет Әбдібеков.
Жаңа маусымға дейін кеншілер Түркияда екі оқу-жаттығу жиынын өткізді. Бірінші жиында клуб басшылығы әлеуетті кандидаттарды іріктеді, ал екінші жиында команданың 95 пайызы жасақталды.
Биылғы маусымда «Шахтер» премьер-лигада, бірінші және екінші лигада ойнайды. Бірінші лига 8 наурызда Таразда өтеді.
«Шахтер» ФК атқарушы директоры Асқар Әбілдаев облыс басшылығына команданың жаңартылған құрамын таныстырды. Басым бөлігі бұрынғы спортшылар. Клуб бес легионермен келісім шартқа қол қойды. Атап айтқанда, Марко Станоевич (Сербия), Милан Стоянович (Сербия), Олукореде Айегбуси (Англия/Нигерия), Борис Кадио (Кот-д’Ивуар), Алессио Аллегриа (Бельгия). Сондай-ақ, командаға басқа клубтардан келген Ильнур Мангуткин, Дәуренбек Тәжімбетов және Руслан Хайруллин сынды қазақстандық футболшылар енді. Мұнымен қоса, команда құрамында алаңға қарағандылық мектептің жас тәрбиеленушілері де шығады: Оралхан Өміртаев, Вячеслав Путинцев, Владислав Васильев, Айдос Орал, Руслан Әлімбаев және Максим Казанин.
«Ойыншылардың орташа жасы - 25», - деп атап өтті Асқар Әбілдаев.
Көп жылдық өтілі бар ойыншы Андрей Финонченко бапкерлік жұмысқа ауысты. Облыс әкімі футболшыға клубқа адалдығы үшін алғыс айтып, оны аты аңызға айналған «Ливерпуль» клубының ойыншысы Стивен Джеррардке теңеді. Финонченкоға жаңа қызметте сәттілік тіледі.
Клуб басшылығы жанкүйерлерге жақсы ойын көрсетіп, жеңістермен ғана қуантуға уәде берді.
«Екі жиын да өте жақсы өтті. Барлық жағдайлар жасалды. Керемет команда жасақталды. Жиындарда тактикалық ынтаға ерекше назар аударылды», - деді бас бапкер Алексей Еременко.


Команда құрамы


Қақпашылар:
Сергей Ткачук Қазақстан
Игорь Шацкий Қазақстан
Ярослав Багинский Қазақстан


Қорғаушылар:
Евгений Тарасов Қазақстан
Игорь Пикалкин Қазақстан
Иван Садовничий Қазақстан
Никола Василевич Босния және Герцеговина
Борис Кадио Кот-д’Ивуар
Руслан Әлімбаев Қазақстан
Михаил Габышев Қазақстан


Жартылай қорғаушылар:
Сергей Скорых Қазақстан
Штэфан Зошак Словакия
Юлиус Сзоке Словакия
Марко Станоевич Сербия
Милан Стоянович Сербия
Ринат Хайруллин Қазақстан
Айдос Орал Қазақстан
Владислав Васильев Қазақстан
Максим Казанин Қазақстан
Қуаныш Ермеков Қазақстан


Шеткі қорғаушы/жартылай қорғаушы:

Олукореде Айегбуси Англия/Нигерия
Ильнур Мангуткин Қазақстан


Шабуылдаушылар:
Айдос Таттыбаев Қазақстан
Оралхан Өміртаев Қазақстан
Алессио Аллегриа Бельгия
Дәуренбек Тәжімбетов Қазақстан
Вячеслав Путинцев Қазақстан

Кез келген материалды karaganda-region.gov.kz сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі