
Теміртау қаласының тұрғындары жағымсыз химиялық иіс пен көк тұманның себебін анықтауды талап етуде. Белсенділер қала әкімі мен прокурордың атына петиция жазды.
«Біз, Теміртау қаласының тұрғындары, соңғы кездері қалада экологиялық жағдайдың нашарлағанын байқап жүрміз. Теміртау – өнеркәсіптік қала және қолайлы экологиялық жағдайға қол жеткізудің қиын екендігін түсінеміз. Бірақ соңғы кездері орын алған өзгерістерге орай біздің және балаларымыздың денсаулығы үшін алаңдап жүрміз», - делінген хабарламада.
Қала тұрғындары өнеркәсіптік кәсіпорындарда тазарту құрылыстарына тәуелсіз ауқымды тексеру жүргізуді талап етуде. Атап айтқанда, табиғат қорғау бекеттерінің құрылысы, штаттағы эколог, металлургтер қаласындағы экологиялық жағдайды жақсарту іс-шараларының жоспарын әзірлеу, сондай-ақ зиянды заттардың шығарылуының мөлшері мен қоршаған ортаның жағдайы туралы ақпараттың ашықтығы.
Белсенділердің мәліметінше, бірнеше күннің ішінде петицияға 600-ден аса адам қол қойған.
Теміртау әкімі Ғалым Әшімов облыстық экология департаментіне хат жолдады. Қала басшысы өкілетті органнан өнеркәсіптік кәсіпорындарда жоспардан тыс тексерулер өткізу мүмкіндігін қарауды сұрайды.
Ресми мәліметтерге сәйкес, Теміртау, Балқаш, Жезқазған және Қарағанды ластану деңгейі жоғары қалалардың республикалық тізіміне енген.