ЭКСПО көрмесіне қалай тамашалауға болады

ЭКСПО көрмесіне қалай тамашалауға болады

Сұрақтарға жауаптар: билетті қайдан, қандай бағаға сатып алуға болады, кім тегін кіре алады және өз билетіңді сыйлауға бола ма?

Қайдан сатып алады?
Қарағандыда ЭКСПО-ға билеттерді барлық «Қазпошта» бөлімшелерінен және «Таир», «ЦУМ» және «City Mall» сауда үйлерінде орналасқан кассалардан сатып алуға болады.
Қандай билеттер болады?
ЭКСПО билеттері ашық және жабық даталармен демалыс және жұмыс күндері үшін де сатылады.
Сонымен қатар, арнайы күндерге арналған билеттер де болады: 10 маусым – көрменің ашылуы, 6 шілде – Елорда күні, 30 тамыз – Конституция күні, 10 қыркүйек – көрменің жабылуы. Олар қымбат болады. Осы күндері жеңілдікті және тегін билеттерді көрмеге кіре берістегі кассалардан алуға болады.
Қанша тұрады?
- ашық датамен жұмыс күндері - 6000 тг.
- ашық датамен демалыс күндері - 8000 тг.
- жабық датамен жұмыс күндері - 4000 тг.
- жабық датамен демалыс күндері - 6000 тг.
Тегін және жеңілдікті билеттер кімге беріледі?
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, оларға теңестірілген тұлғалар, жетім және 6 жасқа дейінгі (6 жас қоса) балалар жеңілдікті билеттерді алуға құқылы.
Мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер, көп балалы ата-аналар мен 4 және одан көп кәмелетке жетпеген бірге тұратын балалары бар көп балалы
Отбасылар билетті 50% жеңілдікпен сатып ала алады. Шетелдік азаматтарға жеңілдік жүрмейді, ал 6 жасқа дейінгі балалар үшін ерекшелік қарастырылған.
Жеңілдікті билетті сатып алу кезінде жеке тұлғаны куәландыратын құжат пен жеңілдік беретін құжатты ұсыну керек.
Билеттің құнына не кіреді?
Кез келген билеттің құнына көрмеге қатысушы мемлекеттердің павильондарын, сфераны, көрмелер мен білім шараларын, кешкі шерулерді және кейбір концерттер мен қойылымдарды бір рет тамашалау кіреді. Ірі концерттер мен шетелдік жұлдыздардың шоуы үшін қосымша қаржы төлеу қажет.
Билетті қалай ауыстырады?
Датасы ашық билеттерді көрмеге баратын күнге дейін бір күн бұрын міндетті түрде сіз таңдаған датаға арналған билетке ауыстыру керек.
Демалыс күндеріне арналған датасы ашық билетті күні белгіленген датамен демалыс күніне де, жұмыс күніне де арналған билетке ауыстыруға болады.
Жұмыс күніне арналған датасы ашық билетті датасы белгіленген осы сияқты билетке ауыстыруға болады.
Билетті тапсыруға бола ма?
Датасы белгіленген билетті көрмеге баруға бір күн қалғанда тапсыруға болады. Датасы ашық билеттерді 2017 жылдың 8 қыркүйегіне дейін ауыстыруға болады. Егер ондай билетті 9 маусымға дейін (қоса алғанда) тапсырсаңыз, ресми билет сату сайтында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде билеттің құны толық көлемде қайтарылады.
Билетті 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейінгі аралықта тапсырсаңыз, билет құнының жартысы қайтарылады.
Электронды билетті жай билетке ауыстыру керек пе?
А4 форматындағы электронды билетті ауыстыру қажет емес. Бірақ қалауыңыз бойынша, ресми бланкідегі билетті алуға болады, оны кассада ауыстырады.
Жоғалған билетті қалпына келтіре ме?
Ресми бланкідегі билеттер жоғалған немесе ұрланған жағдайда қалпына келтірілмейді. Сонымен қатар, электронды билет көшірілген жағдайда, көрмеге кіру бірінші көрсетілген билет бойынша ашық болады.
Өз билетіңді сыйлауға бола ма?
Көрмеге билеттерді сатып алушының аты-жөнін көрсетпей сатып алуға болады, бұл атаулы билеттер емес. Сәйкесінше, оларды сыйлауға болады.
Көрмеге бару үшін не қажет?
Билет болған жағдайда, ЭКСПО көрмесінің өткізу пунктінде жеке басты куәландыратын құжатты ұсыну керек. Егер құжат болмаса, сізге қауіпсіздік пунктіне өту ұсынылады.
Билет туралы қосымша ақпаратты қайдан алуға болады?
ЭКСПО билеттері туралы қосымша ақпаратты tickets.expo2017astana.com сайтынан сондай-ақ, +7 717 272 71 09 байланыс орталығы арқылы алуға болады.