Қарағанды облысында автомобиль жолдарының кейбір учаскелерінде қозғалыс тоқтатылды

Қарағанды облысында автомобиль жолдарының кейбір учаскелерінде қозғалыс тоқтатылды

Облыстық маңыздағы Ақтоғай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қаркаралы, Нұра, Шет аудандарындағы жолдарда қозғалыс шектелді. -
1 сәуірде Қарағанды облысында тасқын суға және жолдарды судың шайып кетуіне байланысты облыстық маңыздағы жолдарда автокөліктің барлық түрлеріне қозғалыс шектелді:
- өзеннің тасуына және жартылай су шайып кетуіне байланысты «Ақтоғай - Нұркен» - «Алматы - Астана» - 19-24 км учаскелер (Ақтоғай – Нұркен учаскесінде)
- «Қарағанды - Аягөз» - «Қоянды - Егіндібұлақ - Бүркітті» - 124-153 км учаскелер
- «Ынталы - Бесоба - Қызылту»
- «Жарық - Успен - Ағадыр» - 62-77 км (Успен - Ағадыр учаскесі)
- «Астана – Қорғалжын - Баршын - Шұбаркөл» - 77-195км учаскелер (Баршын-Шұбаркөл учаскесі).
Сонымен қатар, тасқын суға және жолдарды судың шайып кетуіне байланысты:
«Қарағанды - Теміртау - Чкалов - Березняк» - 2 км учаскелер (Теміртау – Чкалов учаскесі)
«Қарағанды - Жаңа Дубовка» - 9 км учаскелер
«Қаражал - Шалқия» - 15- 43 км учаскелер.
«Ақсу - Аюлы - Ағадыр - Мойынты» - 78-98 км учаскелер
«Просторное - Жарық - Ақсу - Аюлы - Ақтоғай - Балқаш» - 111-255 км учаскелер
жолдарында қозғалыс қиындап, жартылай бұзылу қаупі бар