
Қарағанды фармацевтикалық кешені (ҚФК) «СК-Фармация» хабтарына COVID-19-ға қарсы бір компонентті «Спутник Лайт» препаратының 150 000 дозасын жіберді. Препарат Ресей Федерациясынан жеткізілді және ревакцинацияға арналған.
«Спутник Лайт» ҚФК -35 градустық тоңазытқыштарынан бір дистрибьютордың логистикалық тораптарына жөнелтілді. Тасымалдау арнайы тоңазытқыштарда жүзеге асырылды, онда суық тізбекті қатаң сақтау үшін жабдық орнатылған. Препарат қоймаларға жеткізілді, ол еліміздің барлық аймақтарына таратылады.
Бұл партия ҚФK акционерлерінің шешімімен коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін бөлінген гуманитарлық көмек болып табылады.