
Өткен аптада Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Георгий Козельконы еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы «Көктемгі каникул» турнирі аяқталды.
Турнирге қарағандылық «Шахтер» футбол орталығының тәрбиеленушілері қатысты. 2002 жылы туған балалар ақтық сынға сүрінбей жетті. Финалда алматылық «Қайрат» командасымен кездесуде қарағандылықтар 1:0 есебімен басым түсті. Спортшылар Павел Заяц пен Бауыржан Жаровтың жетекшілігімен дайындалады.
Сонымен қатар, турнирге 14 жасар футболшылар да қатысты. Барлық ойындардың қорытындысы бойынша олар төртінші орынға табан тіреді.
Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Ресей командалары қатысты.