
Қарағанды қаласындағы Балалар және Жасөспірімдер Сарайында шаштараздық өнербойынша ерекше байқау өтті. Жарысқа қатысушылардың ең кішісі 12 жаста болды.
- Байқауға үш кәсіби-техникалық колледждер мен Балалар және Жасөспірімдер Сарайының жанындағы шаштараздық өнер мектебінің оқушылары қатысты, - дейді мектеп жетекшісі Инга Канашвили. – Қатысушылар екі жас санаттары бойынша бақ таластыруда. Біріншісінде 12-ден 15-ке дейінгі жас аралығындағы балалар болса, екіншісінде 16 жастан жоғарылар.
Байқауға қатысқан ең кішкентай шаштараздар жастарына қарамастан кішігірім тәжірибе жинап та үлгерген. Шаштараз өнері мектебінде олар шаш қиюды, өруді үйреніп, сән әлеміндегі жаңашылдықтармен танысып, оларды іс жүзіне асыруға машықтанады екен.
- Мен бұл мектепте екінші жыл оқып келемін, - дейді байқауға қатысушы 13 жасар Валерия Шестакова. – Мен таныстарымның шашын қиямын, сәндеймін. Достарым мерекелік шараларға барғанда менен шаштарын сәндеп беруімді өтінеді. Кешкі сәнді шаш үлгілерін де жасаймын. Мен болашақта осы кәсіппен айналысқым келеді. Маған өте ұнайды.
Байқауға қатысушылар кешкі сәнді шаш және креативті шаш үлгілерін жасап, көрсетулері тиіс еді. Орындау техникасын олар өз еркімен таңдай алды. Кейбірі шашты бұйраласа, тағы бірі ирокез жасап, шашты тормен қаптады. Ал тағы басқалары өз модельдерінің басында жеміс-жидектермен көмкерілген нағыз натюрморттар және көгершіндері бар стақандағы коктейльдер жасап шығарды.
Байқау қорытындысы бойынша «Креативті шаш үлгісі» номинациясы бойынша бірінші орынды 12 мен 15 жас аралығындағы санатта Валерия Шестакова, ал жоғары санатта Светлана Хребтова иеленді. Ал кешкі сән үлгілерін жасайтын ең үздік шеберлері болып кіші санатта Ксения Дудукина және жоғарғы санатта Ангелина Черкаева танылды.