ҚарМУ-де Германиядағы жаңартылмалы энергия көздеріне арналған көрме ұйымдастырылды

ҚарМУ-де Германиядағы жаңартылмалы энергия көздеріне арналған көрме ұйымдастырылды

 Германияның Қазақстан Республикасындағы елшілігінің өкілдері Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де «Renewables made in Germany» атты көрме ұйымдастырды. Экспозиция түрлі энергия көздерінің артықшылықтары жайлы мәлімет береді. Көпшілік назарына ұсынылған стендтердегі ақпараттан энергия өндіру саласындағы германиялық кәсіпорындардың ерекше ноу-хаулары жайлы білуге болады.
Көрмеде жел энергиясын, фотогальваниканы, күн жылу энергиясын қолдану және биомассадан энергия өндіру туралы айтылады. Сонымен қатар жаңартылатын энергия түрлерін үйлер мен ғимараттарда қалай қолдануға болатыны жайлы ақпарат алуға болады. Экспозиция сенімді әрі тұрақты электр энергиясын өндіруге арналған техникалық мүмкіндіктердің әралуандығын көрсетеді.
Болжам бойынша ҚарМУ-де ұсынылған экспозициялардың кейбірін Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің Германия павильонында көруге болады. Ал 18-ші мамырға дейін ақпараттық материалдармен Университет көшесі, 28 мекен-жайы бойынша орналасқан ҚарМУ-нің басты корпусында танысуға болады.