
Бүгін ҚарМУ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы Хартияға қол қою рәсімі өтті. Шараға ҚарМУ, ҚарМТУ, Болашақ және серіктес қалалардағы ЖОО басшылықтары қатысты. Аталмыш құжатта университеттер мен институттарда жемқорлықтың алдын алу және онымен күресудің негізгі механизмдері мен тұжырымдамалары келтірілген.
Енді ЖОО-да сыбайлас жемқорлыққа және осы секілді заңбұзушылықтардың салдарына байланысты өзекті мәселелерді талқылайтын сессиялар мен форумдар өткізу жоспарлануда.
Хартияға қол қою рәсімі «Парасыз болашаққа. Бірге!» форумы шеңберінде өтті. Шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетіліп, жемқорлардың үгіттеуіне берілмей, пара талап ету әрекеттері болса, университет ректоратына шағымдану керектігі айтылды.