Автокөлік жүргізуді жаңа үйренген азаматтар жүргізуші куәлігін тек арнайы ХҚКО-нан алады

Автокөлік жүргізуді жаңа үйренген азаматтар жүргізуші куәлігін тек арнайы ХҚКО-нан алады

1 мамырдан бастап Қарағанды облысында көлік жүргізуді енді ғана үйреніп жатқан азаматтар жүргізуші куәлігін алу үшін жаңа ереже бойынша емтихан тапсыратын болады. Бұдан былай алғаш рет жүргізуші куәлігін алып жатқан және бар куәлігіне басқа да санаттарды қосқысы келетіндер тек арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарына барулары керек.
«Қарағандыдағы Прогресса көшесі 1, Абай және Осакаров аудандарының Ішкі істер басқармаларындағы тіркеу-емтихан бөлімшелер мамырдың 1-нен бастап жаңадан жүргізуші куәлігін алу және жаңа санаттарды қосу бойынша емтихан қабылдауды доғарды. Енді ол емтихандар Қарағанды қаласы, Мұқанов көшесі, 5 мекен-жайы бойынша орналасқан арнайы ХҚКО-да өткізілетін болады», - деп хабарлайды облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасында.