Ел құрамасындағы қарағандылық синхроншылар Әлем Кубогі кезеңінде «қола» иеленді

Ел құрамасындағы қарағандылық синхроншылар Әлем Кубогі кезеңінде «қола» иеленді

 29-шы сәуірде Токиода синхрондап жүзу бойынша Әлем Кубогінің кезеңі аяқталды. Алғаш рет осы секілді жарыста Қазақстан өзінің құрамасын ұсынды. Додаға қатысушы 10 спортшының алтауы қарағандылықтар. Біздің облысымыздың атынан Александра және Екатерина Немич, Ольга Ездакова, Елена Крылова, Екатерина Симонова және Лика Гулемина қатысты. Еркін құрама бағдарламасында қазақстандық топ тек Франция мен Жапония елдеріне есе жіберіп алды.
Әлем Кубогі шеңберінде өткен дуэттер жарысында қарағандылық апалы-сіңлілі Екатерина мен Александра Немичтер өнер көрсетті. Олар 6-шы орынды иеленді. Жалпы сыңарлы жарыста дүние жүзінің 37 елінен келген жұптар бақ таластырды.