
ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов бүгін тұрғындар алдында есеп берді. Кездесу Қарағанды қаласында өтті. Еліміздің басқа аймақтары жиналысқа онлайн режимде қосылды.
Асқар Мырзахметов 2016 жылғы агроөнеркәсіп кешені жұмыстарының нәтижесі жайлы және мемлекеттік қолдау қаржылық шараларын қолдану туралы әңгіме қозғады.
Ауыл шаруашылығы министрі ветеринариялық қауіпсіздік, жер қорын тиімді пайдалану секілді өзекті тақырыптарға баса назар аударды.
Субсидиялау саясатына өзгерістер енгізілді. 2017-2019 жылдарға арналған ҚР АӨК дамыту Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 65 субсидия түрі қайта қарастырылды, оның 11 тиімсіз деп табылып, тізімнен алынып тасталды. «Бұл 25 млрд. теңге көлемінде қаражат үнемдеуге мүмкіндік береді», - деді Асқар Мырзахметов. Осы уақытта республикамызда тұқым шаруашылығы үш есеге – 7,7 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Министрдің айтуынша, жыл сайын дәнді-дақылдардың сапасы төмендеп, мемлекеттік қолдау сол олқылықты жоюға бағытталған.
Баяндамадан соң ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер министрге сұрақтарын қоя бастады. Қарағандылықтар өз өнімдерін шет елдерге экспорттауда туындайтын қиындықтар жайлы сөз қозғады. Жылқы сүтінің құрғақ ұнтағын жасаушылар министрліктен бұл өнімді Қытайға импортталатын тауарлар тізіміне тезірек енгізуін өтінді. Шет елдерде жергілікті қой етіне деген сұраныс жоғары дейді тауар өндірушілер. Экспорттық ветеринарлық терминал құру біздің қойларды Біріккен Араб Әмірліктеріне және басқа елдерге жеткізуде көптеген мәселелерді шешеді.
Асқар Мырзахметов сонымен қатар қарағандылық аграрлық қызметкерлермен де жеке жиналыс өткізбекші. Онда бүгінгі күннің өзекті мәселелері талқыланады деп жоспарлануда.