Балаларды қорғау күні қарсаңында Қазақмыс жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне ЭКСПО-ға жолдама сыйлады

Балаларды қорғау күні қарсаңында Қазақмыс жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне ЭКСПО-ға жолдама сыйлады

Еліміздің 3 мыңнан астам жетімдер үйінің балалары Қазақмыстың арқасында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне бару мүмкіндігіне ие болды. Корпорация Астана қаласында өтетін шараға билеттерді алуға 60 млн. теңгеден астам қаражат бөлген. Барлығы 15 000 билет сатып алынған. Оның 20 пайыздан астамы Жезқазған, Балқаш, Қарағанды қалаларындағы, Қарағанды облысы және Астанадағы балалар үйлеріне таратылды.
Елордада өтетін ЭКСПО-ға Литвинов жетім балаларға арналған мектеп-интернатының, Теміртаудағы SOS Балалар ауылының, Жезқазған қаласындағы балалар үйінің, Бұқар Жырау ауданындағы Пионерлік балалар үйінің тәрбиеленушілері бара алады. Экскурсияны балалар үйінің тәрбиешілері басқарады.
- ЭКСПО-2017 көрмесі – ол тек халықаралық деңгейдегі шара ғана емес, ол құрылысы барысында заманауи технологиялар қолданылған үлкен қала. Көрменің басты тақырыбы – «Болашақ энергиясы». Кім білсін, мүмкін Қазақмыс осындай ерекше шараға баруға көмегін көрсеткен дәл осы балалар болашақта ғаламдық жобалардың авторлары болатын шығар. Сондықтан балаларға Астанаға барып қайтуға жолдама сыйлау – біз ұшін үлкен қуаныш, - деді «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС Басқарма кеңесінің бас директоры Бахтияр Қрықпышев.