
Тәттімбет атындағы академиялық оркестр маусымның 2-де «Шалқыма» залында 29-шы концерттік маусымын жабады. Кеш қонақтары Таулы-Алтайдан келетін музыканттар – Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері Владимир Кончев пен өңешпен ән айту шебері Добрыня Сатин болады.
Өнерлі ұжымға ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Дүйсен Үкібай мен Әбдуғалисын Шоқанбаев дирижерлық етеді. Сондай-ақ концертте Сержан Мұсайын мен Анна Муругова және Тәттімбет атындағы оркестр әртістері өнер көрсетеді.
Добрыня Сатин – атақты өңешпен ән айтатын әнші, жалпыресейлік және халықаралық фестивальдер мен байқаулардың лауреаты, Алексей Калкин атындағы Алтай Республикасының басшысы сыйлығының лауреаты. Ол икили, топшур және комус секілді ұлттық аспаптарда ойнап, өз халқының дәстүрлі өнерін түрлі елдердегі тыңдармандардың назарына ұсынады.
Владимир Кончев – Алтай Республикасының Мемлекеттік оркестрінің көркем жетекшісі және дирижері, музыка көркемдеушісі, аспапшы, педагог, Алтай Республикасының хор қоғамы Аймақтық Басқармасының төрағасы.
Концерттің басталуы: 18.30. Билет құны 800 және 1000 теңге.