1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі

1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі

Құрметті жерлестер!
1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Біз шын жүректен сіздерді осы мерекемен құттықтаймыз! Бұл мейрамның мәнісі де ерекше, себебі ол кішкентай отандастарымызға махаббат пен қамқорлық сыйлаудың белгісі іспеттес.
Бұл мереке әрқайсымыз үшін қымбат, неге десеңіз, барлығымыз балалық шақты бастан кешкенбіз. Сол кездегі мейірімді, жылы естеліктерді әркім өмір бойы жүрегінің түбінде сақтап қалады.
Біздер, ересектер үшін бұл мереке ерекше маңызға ие. Балаларымыздың толыққанды дамуы мен олардың балалық шағының қауіпсіз болуы біздің қолымызда.
ҚР Презизенті болашақ ұрпаққа қамқорлық етудің маңыздылығын әрдайым атап айтады. Көптеген мемлекеттік бағдарламалар балаларымыздың қажеттіліктерін өтеуге, олардың қорғашан орталарын салауатты әрі жайлы етуге, жас ұрпақтың әлеуетін көтеру үшін жағдай жасауға бағытталған.
Барлық атқарылып жатқан іс-шаралар барынша зор қайтарымға ие болуда – балалар оқуда, спортта, шығармашылықта үлкен жетістіктерін көрсетіп жатыр. Олардың зор табыстары – біздің ертеңгі күнімізге сеніммен қараудың кепілі.
Бұл күні балаларды тәрбиелеуге және олардан нағыз патриоттарды өсіруге күш жұмсап жүрген мамандарымыз – ұстаздар мен тәрбиешілеріміздің алдында бас иеміз.
Ешбір мемлекеттік қамқорлық балаға ата-анасының жылуын алмастыра алмайды. Сондықтан әр бүлдіршінге ана махаббатын тілейміз. Зор денсаулық, уайымсыз балалық шақ және биік белестер, жақсы әсерлер мен жаңа асуларды бағындыруды шын жүректен тілейміз!


Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов
Облыстық мәслихат хатшысы Р. Әбдікеров