
Қарағандыда әуесқой кино фестивалі өтеді. Оған қатысуға кәсіби емес режиссерлер шақырылады.
Өтінімдер 13 номинация бойынша қабылданады: ойын фильмі, әлеуметтік ролик, деректі фильм, вайн, авторлық өлеңге клип, жарнамалық ролик, Timelaps және stop motion анимация.
Роликтерді сараптама комиссиясы бағалайды. Оның құрамына 12 адам – операторлар, қоғамдық қайраткерлер және журналистер енеді.
Фестивальдің ұйымдастырушылары ekaraganda ақпараттық порталының негізін қалаушы және жетекшісі Сергей Забурдяев және қарағандылық киноклубтың жетекшісі Владимир Зуев.
- Бұрын бізде Қарағандыда «Террикон» кино фестивалі болатын, дейді Сергей Забурдяев. – Бірақ бірнеше жыл бұрын белгілі-бір себептерге байланысты ол жабылып қалды да, қаламыз кинофестивалсіз қалды. Сондықтан біз жас режиссерлер өздерінің өнерлерін көрсетіп, жұмыстарын жетілдіруге мүмкіндік беру үшін жаңа фестиваль ұйымдастыруды ұйғардық.
Фестивальге қатысу үшін өзіңіздің фильміңізді http://askarfest.kz сайтына жүктеу керек. Жюри барлық жұмыстарды «онлайн» режимде көріп шығады.
Бас жүлде алтындалған «Аскар» статуэткасы болады. Ал номинациялар бойынша жеңімпаз атанғандар шыны статуэткаларға ие болады.