Қарағандыда ең үздік тауарлар таңдалды

Қарағандыда ең үздік тауарлар таңдалды

Қарағандыда «Жыл тауары - 2017» өңірлік көрме-байқау өтті. Оған Қарағанды облысынан 87 өнім өндіруші компания қатысты.

«Үздік азық-түлік тауары» номинациясында «Сарыарқа нан Қарағанды» компаниясы жеңімпаз атанды. Бір жылда өнім өндіруші аймақ бойынша 250 сауда нүктелерін ашқан. Ассортиментте нан-тоқаш өнімдерінің 85 түрі бар.
«Сантехпром» ЖШС «Халыққа арналған үздік тауар» номинациясын жеңіп алды. Фирма сантехника өндіріп, сатады. Өнімдерінің 60%-ын экспортқа жібереді.
«Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» номинациясында бірінші орынды «Энергосистемы ЭЛТО» ЖШС иеленді. Компания 1963-ші жылдан бері электр техникалық өнімдерді өндірумен айналысады.
МЖС бағдарламасы бойынша ашылған жаңа «Луч» нейро оңалту орталығы «Үздік стартап – START-Тамаша» номинациясы бойынша бірінші атанды. Орталықта инфаркт, инсульт, бас миына және жұлынға ота жасатқан науқастарды оңалтумен айналысады. Сонымен қатар медициналық мекемеде науқастар күрделі жарақаттардан соң ем алады.
Жүлдегерлерді марапаттау Орталық саябақтың жағалауында өтті. Осыған орай ән және би ұжымдарының қатысуымен мерекелік шара ұйымдастырылды.