
Осы жылы қазақстандықтардың тағатсыздана күтіп жүрген оқиғасы – Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегі. Ол Лас-Вегаста 16-шы қыркүйекте өтеді. Қазірдің өзінде қарағандылық турагенттер жанкүйерлерге арналған туралар ұсынуда.
Үш күнге Вегасқа барып, бокс жекпе-жегін тамашалауға орташа есеппен алғанда адам басына 773 000 теңге керек. Бұл ұйымдастырылған турдың құны. Бұл бағаға Нью-Йоркке дейін жету және қайтып оралу, мейманханада орналасу, сақтандыру және бокс жекпе-жегіне билет құны кіреді. Тамақтану, Нью-Йорктен Лас-Вегасқа барып қайту және визаны рәсімдеуді бөлек төлеу керек болады.
Егер өз бетіңізше барып қайтқыңыз келсе, Қарағандыдан Лас-Вегасқа авия ұшулар адам басына кем дегенде 489 000 теңге болады. Қымбат емес мейманхана таңғы асымен қоса екі тәулікке – қыркүйектің 15-нен 17-не дейін 80 000 теңгеге түседі. Бокс жекпе-жегіне ең арзан билет 96 600 теңге (300 АҚШ доллары). Сонымен тамақтануды, сақтандыруды және визаны рәсімдеуді санамағанда 665 000 теңге қажет.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен Альварестің жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да 16-шы қыркүйекте өтеді.