Қарағанды облысында ҰБТ қорытындыланды

Қарағанды облысында ҰБТ қорытындыланды

  Білім басқармасында Қарағанды облысындағы Ұлттық біріңғай Тестілеу қорытындысы шығарылды.
Биылғы жылы 7071 оқушы мектеп тәмамдады. Оның ішінен 5137 түлек ҰБТ-ге қатысуға өтінім берді, бірақ іс жүзінде 4855-і ғана тапсырды.
Халықаралық олимпиадалардың жеті жеңімпазы тестілеуден босатылды. Мамандандырылған мектеп-интернаттардың 40 түлегі ҰБТ тапсырмастан Назарбаев университетіне түсті.
Биылғы жылы облысымызда 281 оқушы «Алтын белгі» иесі атанды. Олардың 256-сы ҰТБ қатысты. Қалғандарының қазақстандық және шет елдік ЖОО-на гранттары бар.
ҰБТ тапсырған түлектердің арасында ең көп ұпай – 134 баллды Жезқазған қаласындағы №3 ҚТЛ тәмамдаған Думан Төлеу мен Сәтпаев қаласының Сейфуллин атындағы гимназия түлегі Нұрдәулет Нұрғали жинаған.
133 баллдық көрсеткішке Жамбыл атындағы мектеп түлегі Амангелді Сарай, «Дарын» мектебінің оқушысы Нұржан Сүлеймен және Жезқазған қаласы №1 мектеп оқушысы Мәди Әмірхан қол жеткізді. 132 балл Нұрмақов атындағы мектептің түлегі Исламбек Танабайға тиеслі.
Қарағанды облысы бойынша орташа балл – 78,3.
ҰБТ кезінде облысымызда бірде бір оқушыны аудиториядан қуу және нәтижелерді жоққа шығару фактілері тіркелмеген.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы ҰБТ жаңа форматпен тапсырылды. Жаттап алынған материал көлемі емес, оқушылардың функционалды сауаттылығы тексерілді. Осылайша ҰБТ-гі орташа балл көлеміне жүгіне отырып, бұдан былай қалалар мен аудандардағы рейтинг жасалмайтын болады.