
Бас прокуратура цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, stopterrorism.kz сайтын іске қосты. Қазақстандықтар биылғы жылы орын алған террористік актілер туралы бейне, фото және аудиожазбаларды жасырын түрде порталға жүктей алады.
«Қазіргі уақытта прокурорлар дәлелдемелерді жинау мен тіркеуді, сондай-ақ қылмыскерлерді бейнежазбалар бойынша сәйкестендіруді жүргізуде. Сонымен қатар, азаматтарға 115 сall-орталығына ақпарат бергені үшін алғыс айтамыз», – деп хабарлайды ведомствоның сайты.