12 тамызда «Қарағанды-VeloCity» атты велосипед фестивалі өтеді

12 тамызда «Қарағанды-VeloCity» атты велосипед фестивалі өтеді

12 тамыз күні облыс орталығында мерейтойлық, оныншы «Қарағанды- VeloCity» атты велописед фестивалі өтеді. Ұйымдастырушылардың сөзінше, шара барысында көптеген сайыстар өтіп, музыка мен бағалы сыйлықтар болады.

Сайыстық-ойын-сауық бағдарлама «Limpopo Outdoor - Қарағанды» дүкенінің («Ақжолтай» спорт сарайының) алаңында 12.30 басталады.Онан соң 14.30 фестивальге қатысушылар Федоров су қоймасындағы «Tropicana beach» («Hummer Head») демалыс орнына дейін 13 шақырым жолды жүріп өтеді, ол жерде «Қарағанды- VeloCity» бағдарламасы «2GIS фестивалі» аясында жалғасады.
«Қарағанды-VeloCity 2017» фестивалінің бас жүлдесі – қатысушылар арасында ойнатылатын велосипед. Бас жүлде ұтысына қатысу үшін алдын ала, 11 тамызға дейін Жауынгер-интернационалистер көшесі 33 мекенжайы бойынша «Limpopo Outdoor – Қарағанды» дүкенінде тіркелу қажет.
Шараны ұйымдастырушылар: «Авалон» тарихи-географиялық қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Limpopo Outdoor – Қарағанды» дүкені, «Aerofit» фитнес-клубы мен «ЭкоОбраз» экологиялық білім беру бойынша ақпарат және үйлестіру орталығы» қоғамдық бірлестігі.
«Қарағанды-VeloCity 2017» фестивалі жайлы толық ақпараттар www.velocity.kz сайтында жарияланған шара Ережесінде қолжетімді (бұл жерден бұрын өткен фестивальдар туралы да білуге болады). Сұрақтарыңыз болса 8 7212 411545 және 8 7212 99-62-63 нөмірлері арқылы немесе avalon@guide.kz электронды поштасы және де «ВКонтакте», «Facebook» әлеуметтік желілері арқылы ұйымдастырушылармен байланысуға болады.