Қарағандыда «ақылды қала» технологиясын енгізу жоспарлануда

Қарағандыда «ақылды қала» технологиясын енгізу жоспарлануда

 Алдағы жылдары заманауи ғылыми жетістіктер көмегі арқылы қала жүйелерін жаңғырту жоспарлануда. Облыс әкімі Ерлан Қошановтың тапсырмасымен қарағандылық мамандар «SIEMENS» компаниясы инженерлерінің тәжірибесін меңгеруге барады.
ЭКСПО-2017 көрмесінде Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов «SIEMENS» корпоративті павильонына барды. Онда аймақ басшысына көремнің барлық кешенін салуда қолданылған «ақылды қала» технологиясы таныстырылды. Электр қуатын, жылу, су беруде және қауіпсіздік жүйесі жұмысы арнайы бағдарламамен реттеледі және автоматты түрде диагностикадан өткізіледі. Осылайша, аумақта қамтамасыз ету процессіне жұмылдырылған адам саны азаяды, ал жүйедегі келеңсіздіктерді пайда болған сәтте анықтауға мүмкіндік болады.
Ерлан Қошанов қарағандылық мамандарды «SIEMENS» компаниясына оқытуға жіберуді тапсырды.
-«Ақылды қала» технологиясын енгізу бүгінгі күннің талабы. Бұл бюджет қаржысын үнемдеуге, адам еңбегін азайтуға мүмкіндік береді, - деп санайды облыс әкімінің ШОБ-қа инвестициялар бойынша орынбасары Алмас Айдаров. – Бұл технология ауқымды екенін түсіну керек және қаланың барлық салаларын қамтиды – медицина, қауіпсіздік, ТҮКШ салаларын. Денсаулық сақтауда біз осы саланы енгізе бастадық, мысалы, аурулардың тарихы электронды түрде жүргізіледі. Енді қауіпсіздікте қолдануды бастау қажет деп ойлаймын. Қала бойынша бақылайтын және сүзіп отыратын арнайы бағдарламасы бар жазбалар мен бейнекамералар орнату, яғни адамдар қадағаламайды. Бұл керек фрагменттерді тез тауып, қолдануда тиімді болады.
Жаңа технологияларды қандай форматта және қашан қолданылатыны анықталады. Алайда қала басшылығы «Ақылды қала» технологиясы аса қажет екеніне сенімді.