Күшіміз бірлікте: Саран қаласының кәсіпкері блок-бекеттерде тұрған тәртіп сақшыларына жылы киім сыйлады

Күшіміз бірлікте: Саран қаласының кәсіпкері блок-бекеттерде тұрған тәртіп сақшыларына жылы киім сыйлады

Қарағанды облысында жағдай тұрақты. Бірақ ТЖ режиміне байланысты блок-бекеттерде полиция мен әскери қызметшілер тәулік бойы кезекшілік етеді. Саран қаласының кәсіпкері, Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшесі Владимир Алескеров тәртіп сақшыларын жылы киіммен қамтамасыз етті.

Тігін фабрикасында бір күнде қысқы киім-кешектің 30 жиынтығы тігілді, оған іш киім, бушлаттар, балаклавалар кірді. Жылы киім блок-бекеттердің біріне берілді.

– Біздің күшіміз бірлікте! Бүкіл ел үшін қиын сәтте біз барынша қолдау көрсетуді шештік. Қазір ауа-райы аязды, сондықтан арнайы жылы киім тігіп, бейбітшілік пен тыныштыққа байланысты адамдарға берді, – дейді Владимир Алескеров.