Қарағандыда ONAY! жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі қайта іске қосылды

Қарағандыда ONAY! жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі қайта іске қосылды

Қарағанды тұрғындары мен қала маңына қатынайтын жолаушылар автобустарда жол жүру ақысын ONAY! көлік карталарымен төлей алады. Электрондық жүйенің жұмысы қалпына келтірілді.

Интернет байланысын тұрақтандыруға байланысты валидаторлар мен ONAY! карталарының жұмысы жанданды. Жолаушылар жұмыс істемейтін терминалдар немесе жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу мүмкін болмаған фактілері туралы 42-59-79 жедел желі телефонына, сондай-ақ сall-орталыққа 50-60-50 нөмірі бойынша хабарлай алады. Бұл ретте маршруттың, автобустың нөмірін, қолайсыздықтың нақты уақыты мен орнын көрсету қажет.

Зейнеткерлерге арналған қағаз жол жүру билеттері және әлеуметтік жол жүру билеттері жарамсыз. Ұстаушылар оларды карталарды тіркеу және сату орындарында ONAY көлік карталарына айырбастай алады.

Сондай-ақ қала маңындағы маршруттарда сараланған тариф енгізілгенге дейін көлік карталарымен жол жүру төлемі жол жүру қашықтығына байланысты қолма-қол ақшамен қосымша ақы төлеуді, сондай-ақ экспресс-маршруттарда 6 мың теңгегелік жол жүру билетімен ақы төлеуді көздейді.

instagram.com