
Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) ай сайынғы Үздік тізімді жаңартты. Оның қорытындысы бойынша ұлттық құраманың мүшесі қарағандылық Алан Құрманғалиев 15 жастағы спортшылар арасында әлемдік турнирлік кестеде бірінші орынға ие болды.
Жас теннисшінің жаттықтырушысы – Эльмира Әлиева.

Үстел теннисіне Алан жеті жасында келіп, бірден өзінің қабілеттерін көрсете білді. Екі жылдан кейін ол өзінің жас тобында Қазақстан чемпионы атанды. Кейін халықаралық турнирлерде нәтиже көрсете бастады. Құрманғалиев қазақстандық үстел теннисінің тарихына ең жас спорт шебері ретінде енді. 2019 жылы ITTF халықаралық федерациясы оны үздік жас теннисші деп таныды.