
Telegram-да Қазақстандағы терроризмге қарсы операция туралы ресми ақпарат тарататын @almatyapat «Алматинская трагедия» атты арна ашылды. Мұнда ішкі істер министрлігі мен аймақтық комендатуралардың соңғы мәліметтерін және мемлекеттік құрылымдардың жұмысы туралы соңғы жаңалықтарды оқуға болады.

Арна өз жұмысын 11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Парламенті мәжілісінде сөйлеген сөзі туралы хабарландырудан бастады. Бүгінгі таңда @almatyapat-қа 5,7 мың адам жазылды.