Қарағандыда автожүріс тәртібі бойынша «Джимхана» кубогы өтеді

Қарағандыда автожүріс тәртібі бойынша «Джимхана» кубогы өтеді

Жексенбі, 6 тамыз күні Қарағандыда автожүріс тәртібі бойынша «Джимхана» кубогы өтеді. Жарыстар «Отау» автобазарының тұрағында өтеді (Оңтүістік-Шығыс, Стартовый көшесі 61/1). Жарысты ұйымдастырушылар: Қарағанды қаласының әкімдігі, ҚР автомотоспорт федерациясы мен «StarMax» ЖШС.
- Бұл жарыстардың мақсаты – әуесқой автомобильшілер арасында автоспортты насихаттау, оларды осы спорт түрімен айналысуға тарту, түрлі қиын жағдайларда көлік басқаруды жетілдіру, жол қозғалысы ережелерін наисаттау, жастарды техникалық спорт түрлеріне тарту мен салауатты өмір салтын насихаттау,-дейді ұйымдастырушылар.
Жарысқа ҚР АМСФ берген «L», «D» немесе «Е» санаттарындағы жүргізуші куәліктері мен жарыстарға қатысуға болады деген медициналық анықтамалары бар азаматтар қатыса алады. Ұйымдастырушылар оларды жарыс өтетін жолмен таныстырады. Өздігінен жолға шығуға тыйым салынады. Бір көлікте бірнеше қатысушы болуы мүмкін, оған рұқсат етілген.

Жарысқа алдыңғы, артқы немесе толық жетекті арнайы дайындалған жеңіл көліктер қатыстырылады. Тіркелу үшін бастапқы баға 5000 теңге.
Анықтама:
Джимхана – бұл автоспорт түрі, онда қатысушылар жасанды кедергілер арасынан жылдам шығу бойынша жарысады. Қатысушылар қатты жылдамдықпен аз уақыт ішінде көрсетілген жол бөлігін өтіп шығулары тиіс. Автоспорттың бұл түрі алғаш рет Жапонияда пайда болған, кейін АҚШ пен Ұлыбританияда дамыды.

Фото: www.drive2.com