
1 тамызда Қарағанды облысында республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы бастау алды. Алғашқы күнінен –ақ Қарағанды облысының Білім басқармасы меценаттар берген портфельдер мен мектепке керек-жарақтарды мектеп өкілдеріне таратты. Бұл сыйлықтар аз қамтылған отбасыларына беріледі.
Акция осымен тоғызыншы рет өткізіліп жатыр. Жыл сайын қайырымдылық көлемі артуда. Өткен жылы акция кезінде облыстың кәсіпкерлері 200 миллион теңге ізгілікті іске жұмсаған. Бұл қаражатқа 29 500 балаға мектепке қажетті заттар алынды. Тұрақты акцияға үлес қосып тұратын меценаттар бар, оның ішінде кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалы, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, «Magnum cash&carry» сауда үйлерінің желісі, «Congo» дүкені және «Altel» ЖШС.
Акция 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Оған кез келген адам қатыса алады. Егер сіз жаңа оқу жылына балаларды дайындауға біреуге көмектескіңіз келсе немесе сіз көмекке мұқтаж болсаңыз, онда жедел желіге хабарласуға болады: 41 22 43 и 41 22 88.