
Теміртауда қалалық, аудандық жас құтқарушылардың жиын жарыстардың ең мықты топтары қатысқан «Жас құтқарушы» облыстық жарыстары өтті. Олардың ішіне Теміртау қ. «Факел» сауықтыру лагерьі, Қарағанды қаласы «ЖБМИ №4» ҚММ, Бұқар-Жырау ауданының «Токаревская ОБМ» ҚММ және Абай ауданының «№10 Мектеп-гимназия» ҚММ қатысты.
Жарыстар 4 сайыстан тұрды, атап айтсақ: бірінші медициналық көмек көрсету сайысы, «Визит карточкасы» көрсетілімінің сайысы, қабырға газеті сайысы, топ басшылары сайысы. Және де жауынгерлік қанат жаю, табиғи орта жағдайында құтқару-іздестіру жұмыстары, су айдындарында құтқару жұмыстары бойынша жарыстар болды.
Жарыстардың дайындығы мен өткізілуіне Қарағанды облысының ТЖ Департаменті бөлімшелері, Апаттар медицинасы орталығы мен Қарағанды облысының білім беру Басқармасының қызметкерлері қатысты, сонымен қатар, өткізілетін жарыстардың ерекшеліктеріне сай «Факел» балалар сауықтыру лагерінің әкімшілігі аймақпен қамтамасыз етті.Барлық құрама командалар жоғары деңгейде дайындалған, әр топта ұйымшылдық пен бірінші болуға ықыластары сезілді. Балалар бір-бірімен танысып, араласты, жаңа достарға ие болды.
Сонымен, жарыс қорытындысы бойынша Абай ауданының жас құтқарушылар құрама командасы «Визит карточкасы» сайысында және капитандар сайысында сәтті өнер көрсетіп барлық жарыстардың соңында жүлделі 3-ші орынға ие болды. Бұхар-жырау ауданының атынан қатысқан команда «Жауынгерлік қанат жаю» қашықтықта және "Табиғи орта жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары» кезінде бірінші орын алып, сонымен қатар капитандар сайысында, барлық жарыстың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық 2 орынды иеледі. «Факел» сауықтыру легерінің құрамасы «су акваториясы құтқару жұмыстары» қашықтығында, қабырға газеті сайысында, капитандар сайысында бірінші орын алып, барлық жарыстардың қорытындысы бойынша «Жас құтқарушылар» облыстық жарысында жеңімпаз атанды.
Жарыстың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға алғыс хаттар, дипломдар, естелік сыйлықтар және медалдар табыс етілді, ал жеңімпаз командаға жеңіс кубогы табысталынды. Жеңіске деген жігері үшін, жүлделі орындарға ие болған командаларға ынталандыру сыйлықтары берілді. Сонымен қатар жекелеген кезеңдерінде жүлделі орындарға ие болған командалар алғыс хаттармен мадақталды.