
Барлық жанашыр Қазақстандықтардың бастамасын қолдау үшін Қарағанды қаласының қоғамдық кеңесі ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілеріне ыстық тамақ әкелді. Қазіргі уақытта олар тәулік бойы тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз етуде.
Акция барысында мұқтаж көпбалалы аналар мен жалғыз басты қарағандылықтар назардан тыс қалған жоқ.
Ыстық тамақты тасымалдау Қарағанды қаласының Ішкі істер органдарының, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті органның басшылығымен келісілді.