Жаңалықтарды Kaspi.kz, Halyk Homebank және Beeline қосымшаларынан интернетсіз оқуға болады

Жаңалықтарды Kaspi.kz, Halyk Homebank және Beeline қосымшаларынан интернетсіз оқуға болады

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Kaspi.kz, Halyk Bank және Beeline-мен бірге қосымшалардың басты бетінде «Мемлекеттік жаңалықтар» бөлімін іске қосты.

Соңғы ақпараттарды интернетке қосылмай-ақ, Kaspi.kz, Halyk Homebank және «Менің Beeline-ым» қосымшаларынан оқуға болады.

Қазіргі таңда кейбір банктердің төлем сервистері қайта іске қосылды. Сондай-ақ бірқатар ақпараттық ресурстар – tengrinews.kz, inform.kz, baq.kz, 24.kz, stopfake.kz, qazaqstan.tv, zakon.kz, baigenews.kz және т. б., сондай-ақ akorda.kz сайты офлайн тәртіпте жұмыс істеп тұр.

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараты бойынша