
Қарағанды облысының ІІД Жергілікті полиция қызметі 30-шы қазаннан бастап 1-ші қарашаға дейін «Автобус» жедел-алдын алу шарасын өткізеді. Мақсаты – заңсыз жолаушы тасымалдаушыларды табу және Жол жүру ережелерін бұзу фактілерін жою болып табылады. Полиция қызметкерлері сонымен қатар техникалық бақылаудың уақытылы өтуін қарап, жолаушыларға қауіп төндіретін автобус құрылысындағы өзгерістерді анықтайды. Биылғы жылы Қарағанды облысында қоғамдық көліктің қатысуымен 15 жол көлік апаттары орын алған. Онда үш адам қаза болып, 15 адам түрлі жарақаттар алды. Өткен жылғы дәл осындай мерзіммен салыстырар болсақ, апаттық жағдайлар саны төмендеген. 2016-шы жылы – 27 жол апаты болған. Онда 4 адам көз жұмып, 26 адам түрлі жарақат алған.
Қарағанды облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметі қаламыздың барлық қоғамдық көлік жүргізушілерін және басқа аймақтардың автобус тізгіндеушілерін жол ережелерін бұзбауға, жолаушылармен сыпайы болуға, жолда сақтық сақтап, абай болуға шақырады.
Қарағанды облысы ІІД баспасөз-қызметінің мәлімдеуінше