
Дәрігермен байланыс ұстауға арналған мобильді қосымшаны төрт мыңнан астам адам жүктеген екен. Ол жайлы обыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді.
«Даму-мед» қосымшасы Қарағанды облысында қазан айының басынан бастап қолданыла бастады. Оның көмегімен науқастар дәрігерлерге қаралуға жазыла алады, өздерінің сараптамаларын қадағалап, оқыс жағдайда «SOS» пернесін басып жедел-жәрдем шақыра алады.
- Бүгінгі таңда қосымшаны төрт мыңнан астам адам жүктеп алды, - дейді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев. – Жылдың соңына қарай біз оны 50 мыңға жуық адам жүктейді деп күтіп отырмыз. Ол дәрігерлерге де, науқастардың өзіне де өте ыңғайлы. Пайдаланушы бұл қосымшаны орнатқанда, ол тіркелген емханада ол бірден көрінеді.
Қосымшаны өзіңіз тіркеуде тұрған емханаңызға телефон нөміріңізді қалдырып, сонан соң жүйтеуіңізге болады. Аталмыш нөмірге сілтеме жіберіледі. Ол арқылы өтіп, қосымшаны орнатуға болады.