Қарағандылық дәрігерлерге Ресей елінің ең үздік нейро оңалтушы дәрігерлердің бірінен тәлім алу мүмкіндігі берілді

Қарағандылық дәрігерлерге Ресей елінің ең үздік нейро оңалтушы дәрігерлердің бірінен тәлім алу мүмкіндігі берілді

Аурухана қызметкерлері бір апта аралығында Татарстан Республикасының бас оңалтушысы профессор Валида Исанованың жұмыс тәсілдерімен танысты. Татарстанның денсаулық сақтау жүйесі кеңес үкіметінен кейінгі аумақтағы жетекшілердің бірі болып табылады.
Семинар жуырда ғана ашылған «Луч» нейро оңалту орталығында өтіп, профессор барлық әдістерін орталықта емделушілерге көрсеткенімен ерекшеленді.
- Сіздердің дәрігерлеріңіз жаңаша тәсілдермен жұмыс істеуге қызығушылық танытады. Бес күн аралығында біз науқастарды оңалтуда қолданылатын жаңа әдәстерді талқыладық, - деді Валида Исанова.
Әдістің мәні сау бұлшықеттердің көмегімен олармен байланысқан зақымданған бұлшықеттердің белсенділігін қалыпқа келтіруде жатыр. Науқасқа бұл ретте оңалтушы оператор көмектеседі. Бір қарағанда ол мануалды терапия мен емдік гимнастиканың бірігуі секілді көрінеді. Ерекшелігі – дәрігер созу, қысу, бұрау немесе басу арқылы науқастың қажетті бөліктеріне әсер етуі болып табылады. Алайда науқас та қозғалыссыз бос отырмайды: ол қажетті бұлшықеттердге дәрігердің айтуы бойынша күш түсіріп отыруы тиіс.
Семинар аясында Валида Исанова өзінің зерттемелерінің бірін ортаға салды. Ол ғарышкерлерді оңалтуға арналған технологияларға негізделген – бұлшықеттің жұмысын белсенді ететін арнайы скафандр-костюмі. Казандың профессор бұл әдісті инсульттан зардап шеккен науқастарды оңалтуға пайдаланған. Қарағандының бір медициналық мекемесі осындай скафандр костюмді сатып алуға дайын екені белгілі болды.
- Мұндай семинар алғаш рет ұйымдастырылып, барлық қатысушылардың оң бағасын алды, - деді «Астана» оқу-клиникалық орталығының директоры Жанат Смағұлова.
Семинарға қатысуға Қарағанды мен еліміздің басқа да аймақтарынан 20 маман шақырылған болатын. Оларды оқуты тегін болды, себебі семинар ұйымдастырушылары осылайша «Туған Жер» бағдарламасына өз үлестерін қосуды ұйғарған.