
ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі байланыс операторларымен бірлесіп, елдегі ТЖ-ға байланысты қазақстандықтарды қолдау шараларының кешенін ұсынды.
Мәселен, «Қазақтелеком» АҚ осы жылдың қаңтар айында жеке тұлғаларға өз қызметтерін төлеу мерзімін кешіктіргені үшін өсімпұлдарды есептеуді тоқтатты.
Сондай-ақ, «Қазақтелеком» АҚ тұрақты интернет қызметтерін пайдаланушыларға iD TV және TV+ цифрлық телевизия сервистері интернетке қосылмаған консольдерде, қосымшада, сондай-ақ және tv.telecom.kz сайтында қолжетімді. Қазіргі уақытта сервисті қазақстандық телеарналар ретрансляциялайды. Кейінірек TV + сервисі басқа операторлардың, соның ішінде ұялы байланыс операторларының желілерінде қолжетімді болады.
31 қаңтарға дейін «Қазақтелеком» АҚ абоненттеріне қосымша ақысыз қалааралық қоңыраулар, сондай-ақ тіркелген қалалық телефоннан ҚР ұялы байланыс операторларының нөмірлеріне 1000 минут беріледі.
Сондай-ақ, «Кар-Тел» АҚ (Beeline Kazakhstan) отандық телеарналар мен ойын-сауық контентін көруге мүмкіндік беретін BeeTV сервисіне қолжетімділікті ашты. Beeline мобильді қосымшасында соңғы жаңалықтарды Интернетке қол жеткізбей «Мемлекеттік жаңалықтар» айдарында бақылауға болады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Beeline, Kcell, Activ, Tele-2, Altel байланыс операторлары барлық абоненттерге 200 SMS және 300 минутты тегін қосты.
ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараты бойынша