
Қарағандыда олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері Серік Сәпиев «Таңшолпан» балалар үйінің тәлімгерлерімен кездесті. Атақты спортшы Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар Үйлестіру кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылған «Біз біргеміз» акциясын бастады.
ҚХА қайырымдылық, меценаттық және тәлімгерлікке үлкен көңіл бөледі дейді ұйымдастырушылар. Бұл акцияға қатысуға танымал спортшылар, шоу-бизнес жұлдыздары – халықтың жақсы көретін адамдары балалармен және жастармен өздерінің жетістікке жету сыйқырларымен бөліседі.
- Мұндай эстафетаны Жастардың үйлестіру кеңесі бастағаны қуантады, дейді Серік Сәпиев. – «Таңшолпан» балалар үйіне барғанымыз қатты ұнады. Осы секілді кездесулер маған жағымды әсер сыйлайды, өз кезегімде мен де балаларға каеңес беріп, оң жолға түсуге бағыттаймын. Мен балалардың дарындарын көріп, таң қалдым. Олар аспаптарда ойнап, тамаша әндер айтады.
Балалар да сүйікті спортшысымен кездескеніне қатты қуанды. Серік Сәпиев балалардаың барлық сұрақтарына жауап беріп, барлығына естелік автограф қалдырды.
- Жастар – еліміздің болашағы. Жәнеде сол болашағымыз біз оларға қаншалықты тиісті көңіл бөлетінімізге байланысты. Көптеген балалар өздерінің пір тұтар адамдарымен кездескісі келеді. Акция жалғасады, оған облысымыздың және республикамыздың танымал адамдары қатысады, жәнеде олар өз үлгісімен алға қойған мақсатқа жету үшін тыным таппай еңбек ету керек екенін жеткізеді, - дейді облыстық ҚХА Жастар үйлестіру кеңесінің төрағасы Александр Урмашов.
Эстафетаны белгілі боксер, Лондондағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит қабылдайды. Алдағы уақытта акцияны веложарысшы Александр Винокуров, ауыр салмақты боксер Иван Дычко, шоумен және әнші Әнуар Нүрпейісов және басқалары жалғастырады деп жоспарлануда.