
Бүгін Қарағанды облысыынң әкімі Ерлан Қошанов тауық жұмыртқаларын шығарумен айналысатын «Қарағанды құс» кәсіпорнында болып қайтты. Фабрика осы жылдың жаз айларында жұмысын бастады, қазір 70 пайыз өндірістік қуаттылығына шыққан.
- «Қарағанды құс» фабрикасын «Al Falah» қазақ-араб қоры сатып алған, мәміле 10 млн долларға бағаланған. Сонымен бірге тағы 5 млн доллар инвестиция ретінде өніріске салынады. Қазіргі таңда мұнда 500 мың құс бар. Жұмыртқалар нарыққа «Alsad» брендімен шығарылады, жәнеде 80% өнім экспортқа жәберіледі, - деп мәлімдеді облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров. «Қарағанды Құс» кәсіпорны Қарағанды облысының Бұқар-Жырау ауданында орналасқан, онда 90 адам жұмыс істейді. Келесі жылы, фабрика толық қуаттылығында жұмыс істей бастағанда жұмыс орны 140-қа дейін ұлғайтылады.
Құс фабрикасында жаңа неміс-украиндік құрылғы орнатылған. Жобалық қуаттылығы – жылына 150 млн жұмыртқа. Жоспар бойынша кәсіпорын бұл көрсеткішке 2018-ші жылдың сәуірінде қол жеткізеді. Фабрика өзінің 1 млн долларға бағаланатын өнімін Тәжікстан, Ауғаныстан және Қырғызстанға экспорттаған. Жақын уақытта жұмыртқалар сонымен өатар БАӘ және Қазақстанның ішкі нарығына жеткізілетін болады.
Кәсіпорынның жетекшілері «Alsad» жұмыртқаларының артықшылығы – ГМО және антибиотиктердің жоқтығында, себебі құстардың қоректенуіне мұнда ерекше көңіл бөлінеді.
- Еуропаның өзінде сапалы жұмыртқа тапшы. Қазақстанда қоректендіру базасы өте жақсы, сондықтан тұтынушыларға жақсы, сапалы өнім беру мүмкіндігі бар. Жұмыртқаны өндіру және оның сапасы құстардың қорегіне тәуелді. Демек, егер тауықты жақсы тамақтандырсаңыз, ағзасына керек барлық қажеттіні берсеңіз, ол сапалы жұмыртқа береді. Сондықтан біз қоректендіру үшін жоғары сұрыпты бидай аламыз. Сонымен қатар құстардың тамағына жүгері және соя қосамыз, пацдалы заттар мен түрлі амин қышқылдары болуы үшін, - дейді «Қарағанды құс» кәсіпорнының өндіріс бойынша директоры Хендрик де Ягер.
Оның айтуынша вакциналаудың да маңызы зор, алайда құс фабрикасында мүмкіндігінше екпе жасамай, тауықтардың иммунитетін нығайтуға тырысады.
Құс фабрикасының қаржы директоры Жәлел Ахметжановтың айтуынша келешекте өндірісті кеңейту жоспары бар, тағы бір құс қоймасының құрылысын жүргізіп, қосымша жабдық алу көзделіп отыр.
Бір жұмыртқаның орташа көтерме бағасы – 21 теңге. Жемдік базаның 95%-ы – отандық өндірушілердікі. Мысалы, фабрика бидайды еліміздің солтүстік аймақтарынан, жүгеріні оңтүстіктен, ал сояны Алматы облысынан жеткізеді.
Кәсіпорын өкілдері сонымен қатар облыс басшылығымен өздерінің кәсіпорынды кеңейту туралы жоспарларымен бөлісті.